«Ертегілер әлемімен 2014 жаңа жылды қарсы алайық» атты балаларға арналған жаңажылдық тәңертеңгілік сценарийі.

Өтетін орны; Аудандық МСО

Өту уақыты; 21-29 желтоқсан 2013 жыл сағат 11.00

Қатысатын кейіпкерлер; Шрек-Кенжеболат Бейсенбайұлы,

Фиона-Көкенай Васильевна,

 Мысық-Қанат,

 Есек – Бекболат Бейсенбайұлы,

  Клоун -Самал

 Жылан-Гүлжанат,

  Жылқы –Женісбек ,

 Ледниковый период мультфильмнен келген Сит-Мади

 Ледниковый период мультфильмнен келген Тиын-Амангелді,

Мадагаскар мультфилімінен келген Пингвиндер

Шкиппер- Мереке

Ковальский – Назым

Мыстан кемпір – Бағлан,

Аяз ата – Болат ағай

Ақшақар – Таиса Танатбаева

(Фойеде Балаларды клоун қарсы алады, барлығы шешінгеннен кейін, фея жүргізуші)

Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдық бұл тойын, Салтанатқа санаңдар Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар, Уа, халайық құрметті, Көмейіме жыр кеп тұр Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті Уа, халайық той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін Қарсы алайық Жылқы жылды

Ұзатып сап Жыланды

Қане Балалар бүгінгі ертеңгілігімізге сонау Диснейден келген қонағымызды қарсы алайық.

(Тиынға арналған өлен ойналады)

Тиын шығып шыршаны айналады

(Фиона өлені ойналады)

Шрек пен Фиона шығып шыршаны аналады

(Есектің өлені )

Есек шығады шыршаны бір айналып шығады

(Мысықтың өлені ойналады)

Мысық шығып шыршаны айналады

(Мадагаскар Пингвиндерінің өлені ойналады)

Пингвиндер шығады

(Сит өлені оналады)

Сит шығады шыршаны айналады

Шрек:(Өте таңқалып) Массаған, Фиона біз қайда келдік? (Жан жағына қарайды)

Фиона:Түсінсем бұйырмасын, Мысық есек бұл қандай жер? Қайдан келген балалар? (Таң қалады)

Клоун:Ал мында сендер сонау жақтан қалай жеттіңдер?

Барлығы: Білмейміз!

Шрек:Біз өзі қандай жерге келдік, неге сонша көп әп-әдемі балалар жүр?

Клоун:Қане балалар мына ертегілер әлемінен келген қонақтарымызға түсіндіріп жіберейікші! (Фея барлық балалармен жаңа жыл туралы түсіндіріп айтады)

Пингвиндер:Міне керемет демек біз жаңа жыл шыршасына келіппіз ғой! Достар онда көңілденіп  бізбен бірге бір би билеп жіберейікші! (Би биленеді Барлық кейіпкерлер көңілді тұрады) (Биге музыка қажет)

Клоун:Ал биді күшті билейді екенсіндер, тағы да қандай өнерлерің бар?

Сит:Өнер деген бізде жетеді! Мысалы ойын ойнай аламыз! (Ойын ойнатады) (Қажетті атрибудтар екі сыпырғыш, екі шелек, қағаздан жасалған қар) (Қатысушылар екі командаға бөлінеді, әр команда бір бірлеп шелектен екінші шелеке сыпырғышқа отырып қар толтыру қажет, ойын эстафета түрінде өтеді, барлық қарды қай команда бірінші толтырып тасып бітірсе жеңімпаз атанады)

Шрек:Осындай Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақар келеді деген сияқтысындар, олар қашан келеді?

Клоун:Оныңыз дұрыс, бірақта олар тез жету үшін барлығымыз бірге  аяз ата мен  ақшақарымызды  шақырайық!

Барлығы:Аяз ата ақшақар!

Олардың  орнына мыстан кемпір шығады майысып!

Мыстан кемпір:Естіп тұрмын қуыршақтарым, құлыншақтарым, ақшақар қыздарыңызды сағынып қалдыңдар ма?

Клоун:Қане балалар  кім мынау келген бізге?

Мыстан:Кім кім? Ақшақар қыздарыңмын мен, мені өздерін шақырған жоқсыңдар ма?
 

Клоун:Балалар мынау шынымен ақшақар ма?

Балалар: Жоқ

 

Клоун:Балалар ақшақар сыпырғышқа отырып ұша ма?

Балалар: Жоқ

Мыстан кемпір: Неге ұшпайды, ұшады, жаяу жүріп барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам?

Клоун: Апа сіз ақшақарға ұқсамайсыз!

Мыстан кемпір:

Неге ұқсамаймын, балалар айтыңдаршы мен нағыз ақшақар емеспін бе?

Балалар: Жоқ

Мыстан кемпір:

Неге жоқ! Онда кіммін мен?

Балалар:

Мыстан кемпірсің!!

Мыстан кемпір:

Қап, танып қойдыңдар ма! Ия мен Мыстан кемпірмін, дұрыс айтасыңдар, орманда отырып ішім пысты, құлағымды сендер жаққа түріп едім көңілді музыка ойнап тұр екен, содан шыдамай сендерге келдім. Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайшы, (жалынады барлығына) Мен ақшақардан да артықпын!

Балалар:Жоқ

Мыстан:Неге Жоқ? Сендер менен қорқасындар ма?

Балалар:Қорқамыз!!

Мыстан кемпірби билейді

Міне мен би де билей алам, қане мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайшы, мен жақсы болам енді, сендерге сыйлық берем. (Балаларға сыйлықтар береді)

Клоун:
Ал жақсы болам деп уәде берсең онда қал. Айтпақшы мыстан сен жолда ақшақар қызымызды көрдің бе?

Мыстан:
Ақшақарды ма? А… Мен оны байқамай сиқырлап ұйықтатып кеттім.

Клоун: Ол не дегенің? Онда оят оны, Жаңа жыл болса келіп қалды, балалар оларды күтіп қалды ғой.

Мыстан кемпір:

Оят дейді!… Пысық екенсің мен оны жападан жалғыз қалай оятам. Оңай деп едің, маған ол үшін көмек керек, балалар көмектессе мүмкін оянар.. Сол кезде ақшақарды пингвиндер шығарады коляскамен

Клоун:

Балалар ақшақарды оятуға көмектесеміз бе кемпірге?

Балалар:Ия!

Кемпір:Ал енді бар күштеріңмен ақшақар деп қатты дауыстап шақырайық!

Барлығы шақырады.

Музыкаға ақшақар оянады:

Ақшақар: Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Тамаша.тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса. Сәлеметсіздер ме балалар! Сендерді көруге өте қуаныштымын, сендерге асығып келе жатқан жерімнен мені мыстан кемпір ұстап алып ұйықтатып тастады, бірақта сендердің сиқырлы дауыстарың  мені оятты.

Мыстан:
Бұл мен ескі жылда жаман болдым, ал жаңа жылда мен жақсы болам деп уәде берем, мені кешіріндерші өтінем.

Ақшақар:
Кешіреміз мыстан!  

 

Балалар! Арқасында үлкен қабы бар, Орман аралап жаяу келеді… Бұл аң ба? — Жоқ. Бүгін таң ата тұрыпБір қап кәмпитін  дайындап… Мүмкін көршілерің шығар? — Жоқ. Жаңа жылда бізге кім келеді?Шыршамызға жарық жағып? Әлде ол электрик шығар? — Жоқ.

Сонда кім ол? Әрине бұл

Балалар:
Аяз ата!!

Ақшақар:
Қане аяз ата бізді естимісің? Бәріміз бірге  Аяз атаны шақырайық!

(Аяз атаны шақырады, Аяз ата келеді, Шыршаның шамдарын жағады, Балалармен шырша айналып ән салады, би бейлейді, сыйлықтар таратады)

Клоун:Балалар мен қонақтар бәрі тамаша, бірақта жылан жылын шығарып салып, Жылқы жылын қарсы алайық

О, халайық, жараңдар. Қилы-қилы заман бар. Жылан жылы әне жылыстап, Кетіп барады қараңдар. О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

(Жылан музыкасы ойналады) Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған. Жылан жылын шығарып салайық. Жылан: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2014 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!

Келесі жыл бастауын  Жылқыға беремін.

(Жылқыға арналған музыка) (Сахнаға Жылқы шығады.)

Ат: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым. «Жылқы  — ер қанат» деп халқымыз тегін айтпаған. Көне ғасырларада Қазақ халқына аты танымал Алпамыс, Бөгенбай, Шақшақ ұлы Жәнібек Батыр ұлдарымыздың да ең сенімді серіктері болған жылқы. Жаудан да құтқарып, оқтан да алып қалған жылқы. Халқымыз жылқы түлігін төресіндей көріп өзінің мінез- құлық, бітім болмас, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Мен дағы бір қонақпын Он екі жылда оралар Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақ ниет. Сіздерге мың рахмет.

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.

Аяз ата: — Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
 

Аяз Ата мен Ақшақар, мультфильмнен келген кейіпкерлер алғыстарын білдіріп барлығымен қоштасады.

СОҢЫ

Published by